G
enby!

Ақтөбе облысында үш бірдей ауылға табиғи газ берілді

Ақтөбе облысында үш бірдей ауылға табиғи газ берілді. Енді Бөрте, Қызылжар және Шевченко елдімекенінің жұрты от жағу машақатынан құтылып, көгілдір отынның игілігін көретін болды. Бұл күнді асыға күткен тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Үш ауылды газдандыру үшін қазынадан 1,4 миллиард теңге жұмсалған екен. Үш бірдей ауылдың халқы жыл сайын күн суытқанда тезек теріп, көмір жағып, күл шығаратын еді. Бұл шаруа әсіресе қарияларға қиындық туғызатын. Сондықтан табиғи газдың берілгеніне көпшілік қатты қуанды. СЕРІК ЕРМЕКОВ, Қызылжар ауылының тұрғыны: Осыны шыны келгенде көптен бері күттік. Ауылдың өмірін қай қайсысы да біледі ғой. От жағу, ағаш дайындау. Оның өзі үлкен бір күш. Біреудің күші жетеді, біреудің күші жетпейді дегендей. Дей тұрғанмен қыстай отынсыз қалмаймыз. Биыл енді газ келіп үлкен қуаныштың үстіндеміз. Бөрте, Қызылжар және Шевченко ауылдарында халықтың саны мыңға жуықтайды. Тұрғындардың қара шаңырағын тастап, көшкісі келмейді. Себебі, аймақ малға да жанға да жайлы. Көгілдір отын қосылғаны тіптен нұр үстіне нұр болды дейді көпшілік. АҚБОРЫҚ ЕСМАҒАМБЕТОВА, Бөрте ауылының тұрғыны: Жасым 72-де осы ауылда туып өстім. Көпбалалы анамын. Көптен күтіп едік осыны. Енді жылы отырамыз. От жақпаймыз. Рахмет! Өмір жастарың ұзақ болсын. Көмір жақтық, ағаш жақтық, тезек жақтық. Күл шығардық Аймақта ауылдарға газ тарту жұмыстары қарқын алған. Бір ғана Мәртөк ауданында 17 елдімекен от жағу машақатынан құтылған. Жыл соңына дейін тағы алты ауыл көгілдір отынның игілігін көретін болады. АРЫСҰЛАН АЙТБАЕВ, Ақтөбе облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы: Мемлекет басшымыздың халыққа жолдауында елдімекендерді одан әрі газдандырудың маңыздылығын атап өткен болатын. Ағымдағы жылы өңірімізде сол бағытта 28 елдімекенді газдандыруды іске асырып жатырмыз. Осы тоғыз айдың қорытындысымен 16 елдімекенге газ қосылды. Алда 12 елдімекен бар. Алдағы уақытта Мұғалжар, Байғанин, Әйтеке би және Шалқар ауданындағы ауылдарға газ беру жоспарда бар. Осылайша, облысты газдандыру көрсеткіші 97 пайызға жетпек. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал

Смотрите также