G
enby!

Қоғамдық әжетханада дәрет алып, аяғын жуған ер адамның мәселесі мүфтиятқа жетті

Қоғамдық әжетханада қол жуғышқа аяғын салып, дәрет алған азаматтардың іс-әрекетіне қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жауап берді. Дін өкілдері дәрет тек арнайы бөлінген орында жасалуы тиіс екенін ескертіп, адамдарды қоршаған ортаны құрметтеуге шақырды. Сондай-ақ, басқарма сауда және ойын-сауық орталықтарының басшыларына намазханалары бар ғимараттарда арнайы дәрет алу орындарын қарастыруды ұсынды. АЯУЛЫМ ИЗАТҚЫЗЫ, тілші: Елімізде қоғамдық орындарда дәрет алуға арналған арнайы бөлмелер қарастырылмаған. Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сауда және ойын-сауық орталықтарының басшыларына намазханасы бар ғимараттарда арнайы жерлерді ашуды ұсынды. Дін өкілдерінің пікірінше, бұл қадам азаматтарға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, қоғамдағы түсініспеушілікті азайтады. Сондай-ақ қоғамдық мәдениетті нығайтуға да ықпал етеді. Басқарма өкілдері дәретті тек арнайы белгіленген жерлерде алу қажеттігін де еске салды. Осылайша азаматтарды қоршаған ортаға құрметпен қарап, тазалықты сақтауға шақырды. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы: Дәрет алу арнайы бөлінген жерлерде, оның ішінде намазханалардың жанында ғана орындалуы тиіс. Халықтың басым бөлігін құрайтын мұсылман қауымының өтініштерін ескере отырып, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы сауда ойын-сауық орталықтарының басшыларына намазханалары бар ғимараттарда арнайы дәрет алу құрылғыларын орнатуды қарастыруға үндейді. Діни басқарманың бұл мәлімдемесі қоғамдық әжетханада түсірілген бейнежазбадан кейін жасалды. Видеода ер адамның дәрет алып, қол жуғышқа аяғын қойған сәті анық көрінеді. Жазба желіге тарағаннан кейін көпшіліктің пікірі екіге бөлінді. Бірі азаматтың іс-әрекетін дұрыс емес деп санаса, енді бірі оны парызын орындау үшін осындай қадамға баруға мәжбүр болған деп түсіндірді. Бөлек беті-қол жуатын жер салуға келісемін, өйткені ешкім білмейді ғой ол кісі неге аяғын жуып жатқанын. Мүмкін намаз оқу үшін шығар. Ал ол жерде намазхана болмағаннан кейін аяғын жуды деп ойлаймын. Ешкімді осуждать ете алмаймын Меніңше, ол мәдениетке жатпайды. Әркім аяғын өз үйінде жууы керек Мен бұл туралы ешқандай ой айта алмаймын. Алайда жаңа ұсыныстың жүзеге асар-аспасы әзірге белгісіз. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал

Смотрите также