G
enby!

Шымкентте 24 жастағы жұмысшының мәйіті табылды

Шымкентте 24 жастағы жұмысшының мәйіті табылды. Тұрғын үй кешенін салып жатқан Үмітжан Балтабаев биіктен құлап кеткен. Қара жамылған отбасы құрылыс алаңында қауіпсіздік талаптары сақталмаған деп отыр. Сондықтан марқұмның туыстары тергеу жүргізіліп, кінәлі адамдар жауапқа тартылғанын қалайды. Олар полиция айғай-шудың күшімен қылмыстық істі әрең қозғады деп қапалы. Қайғыдан қан жұтқан жігіттің жақындарымен өңірдегі әріптесім Назерке Үкібасова тілдесіп келді. Ботадай боздаған ананың жоқтауы сай-сүйегіңді сырқыратады. Таңертең жұмысына ойнап-күліп кеткен баласынан қапыда айырылып қалғанына Фатима Ибрагимованың сенгісі жоқ. Қаралы хабардан бүтін бір әулет ес жия алмай отыр. ФАТИМА ИБРАГИМОВА, марқұмның анасы: Өз қолыммен жұмысқа жібердім. Екі сағаттан кейін естіртті балаң қайтыс болыпты деп. Мен жынды болып қалайын дедім. Екі сағаттан кейін өліп қалайын деп. Бесінші этаждан құлаған. Жерге түскен бе, басқа жерге түскен бе оны білмеймін. Соны мен білгім келіп жатыр. Не за что менің балам қалай жерге түскен. Қайғылы оқиға Шымкент қаласындағы тұрғын үй кешені салынып жатқан алаңда болған. Үмітжан Балтабаев мердігер компанияға келісімшартсыз жалданып, қара жұмыс істеген. Марқұммен бірге ауылдағы досы да еңбек еткен. Ол құрылыс аумағында ешқандай техникалық әрі қауіпсіздік талаптары сақталмағанын айтады. АЗИЗБЕК ЗАКИРОВ, марқұмның досы: Лестница районға кетіп бара жатқанда ашық лифтовой бар. Сол жаққа былай көз түсті. Аяқ киім көргеннен кейін басымды тықсам жатыр. Техника безопасности жоқ. Мысалы басқа объектілерге барсаң лестницы проём жабық болады. Лифтовой жабық болады. Полный адам кіре алмайтын болады. Қара жамылған отбасы бұл жағдайды құзырлы орган өкілдері тексеріп, кінәлі адамдарды жауапқа тартсын деп отыр. Олар полицияның сылбыр әрекетіне наразы. Айтуларынша, тәртіп сақшылары мән-жайды анықтауға асықпайды. Қазір жұмысшы өлімі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр екен. Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі: Полициямен аталған жазатайым оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу аяқталғаннан кейін іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Ал, құрылыс компаниясының өкілдері сұхбат беруден бас тартты. Айта кетейік, марқұм Үмітжан Балтабаев үйінде 4 ұлдың тұңғышы. 7 жасында әкесінен айырылған жас жігіт үйінің жалғыз асыраушысы болыпты. Туыстары жігіттің жуырда шаңырақ көтеруді де жоспарлап жүргенін жеткізді. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал

Смотрите также