ҚАЗАҚСТАН 20 МЛРД ДОЛЛАРДАН НЕ ҮШІН БАС ТАРТТЫ
«Атом бомбасы жоқ бірде-бір елдің өзін тәуелсізбін деп санауына негіз жоқ!» Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі көрнекті Француз қолбасшысы әрі кейін көшбасшысы болған, генерал Шарль де Голль марқұм осылай деп кесіп айтыпты... Ал Қазақстан 1992 жылы Советтер Одағынан қалған сүбелі мұра – атом қаруынан бас тартып, Лиссабон хаттамасына қол қойған-ды. Әйтпегенде жер бетіндегі 4-ядролық держава болатын едік. Егер сол алапат арсеналды сақтағанымызда бүгінде қандай ел болар ек? Ол оқтұмсықтар «мың өліп, мың тіріліп жеткен» тәуелсіздігімізге кепіл, тыныштығымызға қорған бола алар ма еді? Халықаралық аренадағы абырой-беделімізге қалай әсер етер еді? Сараптап көрейік! #БілгенДұрыс #Қазақстан #Жаңалықтар #Ядролықбомба
Смотрите также
