G
enby!

ҚАЗАҚ АМЕРИКА БІР ТУҒАН | САРАПТАМА

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барып қайтты. 5.2 млрд доллардың инвестициялық келісімдерін жасап, мұхиттың арғы жағындағы алпауыттармен 11 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде біздің ақпарат айдынында әлі қызу талқыланып жатқан 300 локомитивтің әңгімесі де бар. Базбіреулер оған 4 млрдтан астам көк қағазды шығындау, Қазақ мүддесін Сэм ағайдың ығына жығып берумен тең, немесе Америка Қазақстанға оң көзбен қарауы үшін миллиардтаған долларды шытырлатып санап берді деген сыңайдағы пайымдарды алға тартуда. Расымен солай ма? Тәуелсіздік алғалы елімізге ең көп инвестиция салған Құрама Штаттарымен жаңа дәуірде ғылым мен озық технологияларды дамыту жөніндегі жаңаша келісімдер жасау бізге не береді? АҚШ Қазақстанның шикізат сататын елден ғылым мен инновациясы дамыған озық елге айналуына не үшін мүдделі? Қазақ американ қарым қатынастары бір сараптамаға сұранып тұр екен, шайларыңызды демдеп, ден қойып патша көңілдеріңіздің қалауымен лүпіл басып, арнаға тіркеліп қойсаңыздар, біз бастайық. #білгендұрыс #жаңалықтар #қазақстан #ақш #сараптама

Смотрите также