80 миллиардқа әлемге не саттық | Сараптама
Әлемдік нарықты үлкен бір базар деп алсақ біздің елдің сол базарға не шығарады, кімнен қандай пайда көріп жатыр, кімге қандай есесі кетіп жатыр деген сұрақ туындайды. Әрі беріден соң елдіктің бір тағаны осы сауда-саттыққа арқа сүйейді десек артық айтқандық емес. Себебі жаһандық қатынастардың бел ортасында отырған соң беретінін беріп, алатынын алып амалдау экономиканың ғана емес, тұрмыс-тіршіліктің жазылмаған заңы ғой. Білген дұрыс арнасының бүгінгі шығарылымын еліміздің сауда-экономикалық әлеуетіне арнасақ па деп отырмыз. Себебі сарапшылар 2020 жылы Коронавирус пандемиясынан басталған ауыр дағдарыстан енді ғана шығып келе жатырмыз дейді. Демек келешектің - райы қандай деген сұрақ әркімді болсын алаңдатыны анық. #білгендұрыс #жаңалықтар #қазақстан #саясат #экономика