Теріскейдегі көршілердің теріс пиғылы | Қазақстанды көре алмай жатқан кімдер
Дәл қазіргі уақытта пост кеңестік кеңістіктегі ақпарат айдынына көз жүгіртсек, көретінміз біздің еліміз туралы жазбалар. Ай бұрын Халықаралық валюта қоры Қазақстанның ЖІӨ-і жан басына шаққандағы көрсеткіші жөнінен Ресейді басып озғанын жариялады. Содан бері көрші елдің айтқышбектері, сөзуарлары мен пропаганда бұлбұлдары да әлі сайраумен келеді. Ондағы санасы сергек сарапшылар Кремль режимінің солақай саясатына сілтесе, сол Кремльдің насихатын жүргізушілер тіпті қазақ еліне қарсы арнайы әскери операция жүргізіп, Астананы бір тазалап алу керектігін де айтты күні кеше. Биылғы жыл әлемде Қазақстанның аты көп аталған жыл екенін блог кеңістіктегі жазбалардан байқаймыз. Ол экономикадан бастап, сауда-саттық, туризм, мәдени аспекті сияқты сан саланы қамтиды. Шынымен еліміз еңсесін тіктеп, теріскейдегі көршілердің ықпалынан шығып, дербес ойын жүргізе бастады ма? Осы және өзге де сұрақтар бүгінгі әңгімемізге арқау болмақ. #білгендұрыс #Қазақстан #жаңалықтар #саясат