G
enby!

ҚАЗАҚТАР НОҒАЙДЫҢ ТАРИХЫН ТҮГЕЛ ИЕМДЕНІП АЛҒАНЫ РАС ПА?

Білген дұрыс арнасында қалыптасып келе жатқан игі дәстүрден жаңылмай, бүгінгі шығарылымызда қазаққа ет жақын, тілі мен ділі, мәдениеті, керек десеңіз әдебиеті мен тарихы ортақ бауырлас халық турасында баяндасақ деп отырмыз. Ол Алпамыс пен Қобыландыны, Ер Едігені, Ер Көкше мен Ер Тарғынды, Асан Қайғыны, Шалкиіз бен Доспанбетті, Қарға бойлы Қазтуғанды қазақ сияқты қадір тұтып, бабасы санайды. Домбыра мен қобызды ұлттық аспабы тұтқан, біз сияқты ет жеп қымыз ішкен, біз сияқты арғын найман, керей, үйсін, алшын, қыпшақ сияқты ру тайпалардан құралған, тарих тармақтарында дәл біздей көшпелі ғұмыр кешкен – Ноғай деген халық. Алтын Орданың күні батар тұста әлемдік тарих сахнасына шыққан Ноғай Ордасы сияқты қуатты мемлекеті, Дешті Қыпшақ өз алдына, орыс кінәздіктерін былай қойғанда Шығыс Еуропаға дейін ықпалын жүргізген Едіге, Мұса, Жүсіп, Шейх Мамай сияқты атақтары алты қырдан әрі асқан айбарлы билеушілері, Қырымның 40 батыры жыр дастандарына арқау болған батырлары бар жауынгер жұрт. Ол кешегі Ноғай елі. Ал бүгінгі Ноғайдың әл ауқаты мен тұрмыс-тіршілігі қандай? Олардың саны қанша? Ұлттық болмысын қаншалықты сақтап келеді, жалпы болашағы қандай, қазақтар ноғайдан шыққан ба? - деген сұрақтардың шеңберінде, бауырлас жұрттың бүгіні мен ертеңіне бір сыдырғы тоқталсақ. ✅ АРНАҒА ЖАЗЫЛЫП, ТЫҢ АҚПАРАТТАРДАН ХАБАРДАР БОЛЫҢЫЗ: подписка, лайк, комментарий

Смотрите также