3.7 Жолдық әдіс
Сәлем достар. Микрофонда ЕСЕНБЕКОВ КУРБАНАЛЫ. #10сыныппитон #жолдықәдіс 10 сынып информатика Python-да символдар мен жолдарды өңдеуге арнаған әдістер жеткілікті. Мұндай әдістерді «жолдық әдіс» деп атайды. Енді осы жолды өңдеуге арналған әдістермен танысайық. s1.count(s) - s жол бөлігі s1 жолында неше рет кездесетінін анықтайды. s1.count(s,[i,j]) - s жол бөлігі s1 жолының [i,j] аралығында неше рет кездесетінін анықтайды. s1.find (s) - s жол бөлігі s1 жолында бірінші рет нешінші орында кездесетінін анықтайды. s1.find (s,[i,j]) - s жол бөлігі s1 жолында неше рет кездесетінін анықтайды. s1.strip() - s1 жолының оң және сол жағындағы аралықтарын алып тастап, басқа жолға көшіреді. 1-мысал. Жол берілген. Осы жолда орналасқан сөздер бір ғана бос орынмен ажыратылған. Осы жолда неше сөз бар екенін анықта. 1-тапсырма. ‘k' әрпі** Латын әріптерінен тұратын жол берілген. Осы жолда ‘k' әрпі кездесе ме? Кездессе, нәтиже ретінде экранға орны, кездеспесе, 0 шығуы керек. Егер берілген жолда ‘k' әрпі біреуден көп болса, онда олардың осы жолдағы жалпы санын баспаға бер. 2-тапсырма. Сөйлем құрау* Латын әріптерінен құралған “el”, “Nur-Sultan”, “juregi” сөздері берілген. Сөздердің аралары бір ғана бос орынмен ажыратылған мағыналы сөйлем құра. 3-тапсырма. ‘а' әрпін іздеу* Латын әріптерінен тұратын жол берілген. Осы жолда неше “a” әрпі бар екенін анықта. 4-тапсырма. Анықтау** Латын әріптерінен тұратын мәтін берілген. Осы жолда неше рет “оtan” cөзі кездеседі? Анықта