3.9 Практикалық жұмыс. Жолдық процедуралар мен функциялар
Сәлем достар. Микрофонда ЕСЕНБЕКОВ КУРБАНАЛЫ. 1-тапсырма. Бірдей мәтін* Мәтіндік жол берілген. Осы мәтіндік жолда «men» сөзі неше рет кездеседі. Мәтіндік жол ұзындығы 200 символдан аспайды. 2-тапсырма. Барлығы әртүрлі*** Мәтіндік жол берілген. Осы мәтінде неше әртүрлі символ кездеседі. Мәтіндік жол ұзындығы 255 символдан аспайды. 3-тапсырма. Іздеу *** Жол берілген. Осы жолда ең ұзын “k” әрпінің тізбегін тап. Жол ұзындығы 1000 символдан аспайды. 4-тапсырма. Сөздерді санау** Мәтін берілген. Осы мәтіндегі бірдей әріппен басталып, бірдей әріппен аяқталатын сөздердің санын тап. Мәтіндік жол ұзындығы 1000 символдан аспайды. 5-тапсырма. Полиндром*** Жол берілген. Осы жол басынан да, соңынан да бірдей оқыла ма (полиндром)? Анықта. Жол полиндром болса, нәтиже ретінде 1, әйтпесе 0 экранға шықсын. 6-тапсырма. Үш әріптен тұратын сөз ** Жол берілген. Осы жолда 3 әріптен тұратын сөздерді сана. Жол ұзындығы 1000 символдан аспайды. 7-тапсырма. Анықтау ** Тек әріптер мен жолдардан тұратын сан берілген. Осы жолда сан көп пе әлде әріп көп пе? Анықта. Сан көп болса, баспаға 1, әріп көп болса, баспаға «а» әрпі берілсін.