3.10 Файлдармен жұмыс 10 сынып АЛМАТЫ баспасы
Файлдан ақпаратты оқу үшін, оны алдымен ашу керек. Файлды ашу үшін де, жазу үшін де Рython-да open () функциясы қолданылады. Бұл функцияның әдетте екі параметрі бар. 1. Файлдың орналасқан жеріне сілтеме жасалған файлдың атауы (файл жолы). 2. Файлды ашу режимдері: «r» – оқу үшін ашу (reset – файлмен байланыс орнатады) «w» – жазу үшін ашу (write – жазу, файлға жазу) «а» – қосу үшін ашу (apend – қосу, файлға жазба қосу) Егер open () функциясын шақырғанда екінші параметр көрсетілмесе, онда файл мәтіндік файл ретінде ашылады. 1-мысал. Кіру файлында (input.txt (1-сурет)) a және b сандары берілген. Кіру файлынан осы екі санды оқып, шығу файлына (output.txt) олардың қосындысын шығар. 01:54 2-мысал. Кіру файлында (input.txt)) латын әріптерінен тұратын s жолы берілген. Осы жолдағы әртүрлі әріптердің санын анықтап, шығу файлына (output.txt) жаз. 08:50 1-тапсырма. Сөздерді қосу* 08:40 Кіру файлында (input.txt)) латын әріптерінен тұратын екі жол жеке қатарларда берілген. Осы екі жолды кіру файлынан оқып, шығу файлына (output.txt) қосып жаз. 2-тапсырма. Тақ сандарды анықтау** 10:46 А[N] бірөлшемді массив берілген. Осы массивтегі барлық тақ сандарды шығу файлына жаз.