G
enby!

3.8 Жолдық әдіс түрлері №1 [Алматы баспа] 10 сынып

Сәлем достар. Микрофонда ЕСЕНБЕКОВ КУРБАНАЛЫ. 10 сынып информатика s1.replace (s2,s3, n) s1 жолындағы кездесетін s2 жол бөлігінің n данасын s3 жол бөлігіне ауыстырады. Егер жақша ішіне n -ді жазбай, оны (s2, s3) түрінде пайдалансақ, онда s1 жолындағы кездесетін барлық s2 жол бөліктерін s3 жол бөлігіне толық ауыстырады. s1.isdigit() әдісінің көмегімен s1 жолы тек сандардан тұратынын немесе тұрмайтынын тексереді. Ал s2.isalpha()) әдісі арқылы s2 жолының тек әріптерден тұратынын немесе тұрмайтынын тексереді. Екі әдісті қолдануда нәтиже оң болса, онда жауапқа «true», әйтпесе false мәндері шығады. s.islower() әдісі берілген жолдың тек төменгі регистр әріптерінен тұратынын анықтайды (3-код). Егер жолдағы әріптер тек төменгі регистрден тұрса, онда нәтиже «true», әйтпесе false мәндерін қабылдайды. s.isupper() әдісі берілген жолдың тек жоғарғы регистр әріптерінен тұратынын анықтайды. Егер жолдағы әріптер тек жоғары регистрден тұрса, онда нәтиже «true», әйтпесе false мәндерін қабылдайды. 1-мысал. Латын әріптерінен тұратын жол берілген. Осы жолда 'а' әрпін 'b'-ға ауыстыр. Нәтиже ретінде өңделген жол мен ауыстырулар санын экранға шығар.

Смотрите также