3.8 Жолдық әдіс түрлері №2 [Алматы баспа] 10 сынып
Сәлем достар. Микрофонда ЕСЕНБЕКОВ КУРБАНАЛЫ. 10 сынып информатика 1-тапсырма. Сөзді ауыстыру Бірінші қатарда латын әріптерінен құралған жол берілген. Осы жолда екі үтірдің арасындағы орналасқан сөзді берілген сөзбен ауыстыр. Берілген ауыстыратын сөз екінші қатарда берілген. 2-тапсырма. Нөлмен толтыру Екілік санау жүйесінде берілген сандарды байтқа толтыру үшін санның алдын 0-мен толтыратын программа жаз. Бір байт 8 биттен тұрады. Мысалы, 101=00000101 3-тапсырма. Сөзді қысқарту N жол берілген. Кейінгі N қатарда орналасқан сөздерден әріптерінің саны 6-дан көп сөздерді қысқарт. Ол үшін сөздердің бірінші және соңғы әріптерін, олардың арасына өшірілген әріптердің санын жазу керек. Мысалы, «экспорттау» сөзі «э8у» деп қысқартылады. Ұзындығы 6 және 6-дан кіші сөздердің өзін экранға бер. 4-тапсырма. Санға айналдыру N жол берілген. Кейінгі N қатарда орналасқан жолдардың арасында тек цифрлардан құралғандарын санға айналдырып, 100 санын қосып, экранға шығар. Санға айналдыру мүмкін болмаған жағдайда, онда экранға -1 ді шығар. 5-тапсырма. Санын анықтау Үлкен және кіші латын әріптерінен тұратын жол берілген. Осы жолдағы барлық «Z» әріптерінің санын тап. «Z» әрпі жоқ болса, экранға 0 шықсын.