Кәрім Мәсімовтен тәркіленген қанжар мен әшекей-бұйымдар аукционда сатылды
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Мемлекетке опасыздық жасаған Кәрім Мәсімовтің зәулім үйінен тәркіленген қанжар мен әшекей-бұйымдар аукционда сатылды. Ең қомақты кіріс "Элизабет Екінші" сериясымен шыққан тиынды сатудан түскен. Таза алтыннан құйылған бұл 200 долларлы тиынға аукционда 4 адам таласыпты. Саудаласа келе бастапқы бағасы 3,2 миллион теңге болған коллекциялық монета түбінде 4,3 миллион теңгеге өткен. Ал әшекей-бұйымдары 42 мың теңгеге сатылыпты. Оларға 2 адам ғана үміткер болған. Одан бөлек, түрлі түсті эмальмен безендірілген қынабы бар қылыш 385 мың теңгеге, екі кавказ қанжары 438 мың, ал сары металдан жасалған пышақ 155 мың теңгеге өтті. Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұл заттардың кімге тиесілі екенін жария етпеді. Алайда аукционға шығарылған заттар Мәсімовтен тәркіленген үйінен табылған дүниелердің арасында болған. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық