G
enby!

Мерзімі өткен несиені жеңілдетілген тәртіппен қалай өтеуге болады?

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Биыл кемі 300 мың қазақстандық мерзімі өткен несиесін жеңілдетілген тәртіппен өтеуге мүмкіндік алмақ. Ол үшін қаржы нарығын реттеу агенттігі жаңа платформаны іске қосып отыр. Яғни, енді төлемін 90 күннен аса кешіктірген тұрғын платформа арқылы өтініш тастап, жаңа кесте сұрайды. Ал, сайт жеңілдетілген график ұсынуға тиіс. Бұл жоба борышкерлердің қаржылық жағдайын жақсарту үшін қолға алынған. Өткен жылы елді «қарыз орынан» құтқару үшін төлемді 90 күннен аса кешіктіргендерге несие беруге тыйым салған. Алайда, ахуал оңалмапты. Өйткені, проблемалық қарыз алушылар саны кемудің орнына, керісінше артқан. Мәселен, былтыр 280 мың тұтынушы қара тізімнен шығарылса, биыл тағы 300 мың борышкер сол тізімге кірген. Сондықтан, агенттік проблемалық қарызды ұжымдық реттеу тетігін енгізген. Платформа 1-тамыздан бастап пилоттық режимде жұмыс істеп тұр – деді агенттік төрағасы. Айтуынша, жүйеге тұтынушылық несие беретін ірі банктермен қатар 12 микроқаржылық ұйым қосылған. Яғни, борышкер платформаға мерзімі өткен несиесі барын жазып, өтініш тастауы керек. Ал, жүйе тұтынушыға жеңілдетілген график ұсынады. Осылайша, агенттік жыл соңына дейін 300 мың адамның қаржылық жағдайын жақсартуды жоспарлап отыр. МӘДИНА ӘБІЛҚАСЫМОВА, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы: Борышкер өтінішпен жүгінген кезде, көп жағдайда оның бірнеше қаржы ұйымының алдында қарызы болады. Сондықтан, банктер өтініш өз ыңғайына қарай қарастырады. Бірі қарызын кешіруі мүмкін. Енді бірі айыппұлдар мен үстемақысын алып тастайды. Пайызын төмендетеді. Алайда, көбіне микроқаржылық ұйымдар қарастырмауы да ықтимал. Ал, біз қосқан платформаға қарыз алушы жүгінсе, оған жеңілдетілген төлем кестесі ұсынылады. Яғни, борышкердің қаржылық жағдайына келетін кесте беріледі. Сондай-ақ, енді қаржы ұйымдары борышкердің несие тарихын ғана емес, қаржылық тәртібін де бағалайды. Демек, қаржылық жүктемеден, ақшаны жинау, жарату мәдениеті де назарда болады. Айта кетейік, бұдан былай кредиті бойынша төлемін бір күн кешіктірген тұтынушыға қарыз берілмейді. Дәлірек айтсақ, екінші деңгейлі банктерге мерзімді төлемін 30 күнге, микроқаржылық ұйымдарға 24 сағатқа кешіктірген борышкерлерге несие рәсімдеуге тыйым салынған. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также