Енді қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын тіс емдетуге жұмсай алмайды
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Елімізде зейнетақы жинақтарының есебінен стоматологиялық қызметтерді пайдалануға басы-бүтін тыйым салынуы мүмкін. Яғни, күні кеше күшіне енген құжатқа түзету енгізіліп, шектеу «уақытша» сипаттан, толыққа айналады. Сәйкесінше, қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын тіс емдетуге жұмсай алмайды. 15 қыркүйек зейнетақы жинақтары есебінен емделуге ресми түрде шектеу қойылды. Демек, бұдан былай стоматологиялық қызметтерді пайдалануға ниетті тұрғындар тарапынан бірде-бір өтініш қабылданбайды. Жалпы, әу баста, тыйым уақытша, яғни келесі жылдың 15 сәуіріне дейін болады деп жоспарланған. Алайда, денсаулық сақтау министрлігі құжатқа түзету енгізіп, 30 қыркүйекке дейін жария талқылауға қайта шығарып отыр. Осылайша, жоба авторлары қыруар қаржының мақсатсыз жаратылуын жүз пайыз шектемек. Айта кетейік, күн бұрын Атырау өңірінде жалған стоматологиялық қызмет көрсетіп, зейнетақы жинақтарын қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ ұсталған еді. Олар қылмыстық жолмен 54 миллиард теңгені игерген. Әзірге тергеу жүріп жатыр. Ал, іске қатысы барлар саны болжам бойынша 50 адамнан асып жығылуы мүмкін. ӘЛИЯ БЕКЖАНОВА, ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы: Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану жөніндегі норманы алып тастау көзделген. Бұндай шешім медициналық құжаттарды фальсификаттау және зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдаланудың көбеюіне байланысты қабылданып отыр. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық