G
enby!

Алматы облысында қоқыс полигонынан шыққан өрттің түтіні Алматыны басып қалды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Алматы облысында қоқыс полигонынан шыққан өрттің түтіні Алматыны басып қалды. Ал Алатауға жақын маңдағы ауыл тұрғындары кешелі бері үйде қамалып қалған. Өйткені қою қара түтіннен далада еркін жүру мүмкін емес дейді. Өрттен кеше тіпті Алматы–Талдықорған–Өскемен тас жолы жабылып, бүгін таңертең қайта ашылды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері күні-түні қызыл жалынмен арпалысып жатқанымен әзірге нәтиже аз АЯУЛЫМ ИЗАТҚЫЗЫ, тілші: Дәл қазір біз жанып жатқан қоқыс полигонында тұрмыз. Көк түтін көзді ашытады. Ауа жұтқан сайын өңешті қарып, дем алу қиындап барады. Өрттің негізгі ошағына бұдан артық жақындау мүмкін емес, өйткені онда өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтауға тырысып жатыр. Төтеншеліктердің айтуынша, от ошақтары жердің терең қабатында орналасқан екен. Сондықтан 10 метр тереңдіктегі қалдықтардың қопсып, жануы жағдайды қиындатқан. Оның үстіне, полигондағы температура өте жоғары болғандықтан қызыл жалынды сөндіру жұмыстары да ұзаққа созылып барады дейді мамандар. ҚАЙРАТ ТЕЛТАЕВ, тұрғын: Көк түтін ауылдың бәрін басып кетті. Үлкен кісілерге обал болды. Не сұмдық бұл деп, қайдан шыққан өрт деп қорқып отыр. Аспанды торлаған қою түтін жақын маңдағы елдімекендерге де жеткен. Кей ауылдардың үстін қалың тұман секілді түтін басып, көліктердің жүруін де қиындатқан. Ал тұрғындар балаларын далаға шығарудан қалдық, көшеде бетпердесіз жүру мүмкін емес дейді. РАХМАН КӘРІМЖАН, Алматы облысы тжд басшысының орынбасары: Өрт ошақтарын сөндіру үшін инертті материалдармен толтырылып жатыр. Өзгермелі жел бағыты қосымша қиындықтар туғызып отыр. Полигонның ауданы бойынша соқамен жырту жұмыстары жүргізілді. Барлығы 7 өрт сөндіру учаскесі құрылды Алайда төтеншеліктер өрттің жақын маңдағы елді мекендер мен тұрғындарға тікелей қауіп төндірмейтінін айтады. Жағдай толық бақылауда деп отыр. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также