G
enby!

Маңғыстау облысы Шетпе ауылы тұрғындарының карьерлердің кесірінен тыныстары тарылған

Маңғыстау облысы Шетпе ауылы тұрғындарының карьерлердің кесірінен тыныстары тарылған. Шаңға тұншығып, денсаулықтарына зиян келген қараша қиыршық тас өндіретін кәсіпорындарды жабуды талап етеді. Оның үстіне, екі күннің бірінде болатын жарылыстан үйлердің қабырғасы қақырап, баспаналары бүлінген екен. Ауру болдық ашуға булыққан жұрттың жанайқайын өңірдегі әріптесім Махаббат Нұржанқызы тыңдап келді. Шетпе ауылында 37 мыңнан аса адам тұрады. Елдімекен халқы тауды жарып, тас өндіретін кәсіпорындардың кесірінен көк шаңнан көз ашпай келеміз деп күйінеді. Тұрғындардың дені қазір аллергиямен алысып, тыныс жолдары ауруларына шалдығыпты. ҚАЙРАТ ЕДІЛХАНОВ, Шетпе ауылының тұрғыны: -Үйімде келіншегім, балаларым бәрі мұрындары қышиды. Түшкіру шеті жоқ аллергия. Мысалы Ақтауға барса, сол ауру сразу жоқ болып кетеді. Ал ауылға келсе қайтадан басталады. Адамға қаншама зардабын тигізіп жатыр мысалы. Қиыршық тас тиеген ауыр жүк көліктерінің ауылдың ішімен өтетіні жағдайды тіптен ушықтырды дейді жұрт. НҰРЛЫБЕК ҚҰЛЖАБАЕВ, Шетпе ауылының тұрғыны: Қиыршық тас өндіретін карьерлердің шаңынан, ішкі жолдарды барлығын реттейтін мемлекет жақсы жоба қойса деген мақсатымыз бар. Карьерге қатынайтын ауыр көлік жолдарға кірме-шықпа жолдар бар. Сол жолдарды ретке келтіретін жүйе керек. Шаңын басу керек. МАХАББАТ НҰРЖАНҚЫЗЫ, тілші: Бұл баспана 5 жыл бұрын салынған. Үй иесі тауды жарған сайын дүмпудің қатты болатыны сонша қабырғалар осылай сөгіліп кетеді деп отыр. Баспанасының іші-сырты әр жерден жарылған. Жыл сайын жөндеу жасап шаршаған тұрғындар шығынды кімнен өндірерін білмей жүр. Ауылда жарықшақтар пайда болған жер үйлер көп. Тұрғындар әкімдіктен көмек сұраудан шаршадық дейді. ҚАРЛЫҒАШ ОРЫНБЕКОВА, Шетпе ауылының тұрғыны: Екі күннің бірінде тау атады, қабырғаларымыз жер-жерден жарылып, былтыр да ремонттадық. Енді биыл тағы жарылып тұр. Не істерімізді білмейміз. Әкімнен көмек сұраймыз енді басқа кімнен сұраймыз көмекті. Шенеуніктер жұрттың жанына батқан мәселені шешуге тырысамыз деп отыр. Ол үшін жарылыс күшін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілмек. МАРАЛБЕК СЕЙІЛОВ, Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары: Жақын карьерден әр түрлі тротильде өзінің жаратын жарылыс құралдарымен жарады. Сосын жақын орналасқан үйге аппаратын сол жерге өлшем құралдарын қояды. Ары қарай Алматыда лабораторияда сейсмологиялық қорытынды береді. Бұл қорытынды егер карьердің кінәсі болса, зардап шеккен карьерден үйлерге, ғимараттарға ол жауабын береді. Шетпеде қиыршық тас өндіретін 25 карьер тіркелген. Кәсіпорындардың жұмысы мен ауылға тигізер зиянын жауаптылар тағы бір мәрте тексереміз деп сендірді. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал

Смотрите также