G
enby!

Енді өзгенің шотына 500 мың теңгеден жоғары сома аударсаңыз ЖСН тіркеу керек болады

Енді өзгенің шотына 500 мың теңгеден жоғары сома аударсаңыз, жеке сәйкестендіру нөміріңізді тіркеуіңіз қажет. Жаңа ережеге сәйкес ақшаны алған да, берген де адамның жеке дерегі анық көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, банкоматтарға әр адамды саусақ ізі мен бет-әлпеті бойынша тану жүйесі де енгізілмек. Ақша айналымында тағы қандай өзгерістер бар? Әріптесім Аяулым Изатқызы анықтап көрді. АЯУЛЫМ ИЗАТҚЫЗЫ, тілші: Енді банк карточкасына 500 мың теңгеден жоғары сома аударған кезде міндетті түрде ақша салған адамның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұған дейін тек алушының ғана ЖСН-і талап етілетін. Бұдан бөлек операцияны арнайы қосымша немесе хабарлама арқылы растау міндеттеледі. Банкомат арқылы жасалатын заңсыз операциялар көбейгендіктен Қаржы мониторинг агенттігі үкіметке осындай ұсыныс білдіріп отыр. ҚАЙРАТ БИЖАНОВ, ҚР ҚМА төрағасының орынбасары: Биыл банкоматтардан 13,2 трлн теңге алынған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 трлн-ға артық. Қолма-қол ақшаны көп жағдайда анонимді операцияларды жасау үшін пайдаланады. Ондайда берген және алған адамды анықтау қиын. Оның үстіне ақша көбінесе бөгде адамдардың карталары арқылы жіберіледі. Сондай-ақ, 2026 жылдан бастап банкоматтардағы бейнебақылау жазбалары жарты жылға дейін сақталады. Мамандар видеоларды 6 ай ішінде қайта қарап, күдікті операциялардың қатысушыларын анықтауға болатынын айтады. Бұл бастаманы халық та қолдайды. Сонымен қатар, банкоматтарда биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу мәселесі де қаралып жатыр. Яғни әр тұтынушыны бет-әлпеті немесе саусақ ізі арқылы тануға болады. Жауаптылардың айтуынша, қолға алынған шаралар банкоматтағы қауіпсіздік деңгейін арттырып, азаматтардың қаржысын қорғауға мүмкіндік береді. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал

Смотрите также