G
enby!

Аягөз халқы күздің қара суығында бүрсең қағып отыр

Абай облысы Аягөз қаласы биыл да жылу маусымына дайын болмай шықты. Жауаптылар ескірген қазандықтарды әлі толық ауыстырмаған. Салдарынан көпқабатты үйлердің тұрғындары күздің қара суығында бүрсең қағып отыр. Олар бір апта бұрын берілген жылуды сезбедік деп қынжылады. Тіпті, тастай суық кей мемлекеттік балабақшалар жұмысын уақытша тоқтатқан. Облыс әкіміне өтірік есеп берген шенеуніктердің әрекеті көпшіліктің наразылығын туғызды. Аягөзде қар жауып, күздің қара суығы өңменіңнен өтеді. Амангелді Шабатов амалдың жоқтығынан үйінде қабат-қабат киіммен жүрген көптің бірі. Түнде ауа температурасы тіптен төмендеп, жылына алмай берекеміз кетеді дейді. Тұрғындар бірінші қазаннан бастап жылу қосылды деп жар салатын әкімдіктегілердің өтірігіне сенбейді. Себебі, жылда бір сценарий. Күз басталғанда тозығы жеткен желілерді ауыстыру жұмыстары басталады дейді. МАНАРБЕК БЕРТІС, Аягөз қаласының тұрғыны: Жылу жоқ. Мынаны августе қазды. Мыналарға үйді жылытамыз деп, отопление тартамыз деп. Әлі жатыр міне. Енді біз міне үйіміз суық отырмыз. Обогреватель қосып отырмыз. Үйде немерелеріміз бар. Көпқабатты үйлерден бөлек жылу берілмеген мемлекеттік балабақшалар да бар екен. Бөбекжайлар жұмыстарын уақытша тоқтатуға мәжбүр болған. МАРАЛ АБУСАҒИТОВА, Аягөз қаласының тұрғыны: Бала әкелме деді. Себебі жылу жоқ деді. Әрине мұнда садиктің кінәсі жоқ. Акимат алдын-ала жылумен қамтамасыз етпеді. Ауданның жылу жүйесін қалпына келтіруге бюджеттен 571 миллион теңге бөлінген. Шенеуніктер қаражаттың кеш түсуінен жұмыстар да кеш басталды деп ақталды. АСХАТ ИБРАЕВ, Аягөз ауданы түкш жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы: Бұл жұмыстарды біз тамыз айында бастадық. Енді қаражаттың бөлінісі бар. Мердігер мекеменің анықталуы бар деген сияқты сондай-сондай шаралармен тамыз айына дейін уақыты келді. Тамыз айынан бастап жұмыс жасап жатырмыз. Бәрін реттейміз. Көшелерді қазып, қызу іске кіріскен мердігер компаниялардың жөндеу жұмыстарын қашан аяқтайтыны белгісіз. Ал әбден тоңған тұрғындар бұл мәселені облыс әкімі бақылауына алмаса жылуды қарашаға дейін күтетін түріміз бар деп отыр. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал

Смотрите также