G
enby!

Жүзден астам адамды сан соқтырған халық емшісі ақыры сотталды

Ақтөбеде жүзден астам адамды сан соқтырған халық емшісіне сот үкімі шықты. Шипа іздеп барған жандарға онлайн несие алдыртып, 567 миллион теңгені қалтасына басқан Сұлушаш Қазбаева 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Бірақ судья сотталушылың кәмелет жасына толмаған балалары бар екенін ескеріп, жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдырды. ТҰРСЫНХАН САЛЫҚОВ, Ақтөбе қаласы №2 сотының судьясы: Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 74-бабының 1-бөлігіндегі негізінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындауы 2 жыл мерзімге кейінге қалдырылсын. Сұлушаш Қазбаеваға қатысты бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгенше күзетпен ұстау шарасы ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық қолхатына өзгертіліп, сот залында босатылсын. Тергеу мәліметінше, 51 жастағы емші дертіне дауа іздеп келген адамдардың сеніміне кірген. Алдына келген тұрғындарға мешіт пен медициналық орталық саламын, баламның еміне қаражат керек деп қарыз сұраған. Сөзіне иланған жұрт миллиондап несие алып берген. Осылайша, ол жеті жыл бойы елден ақша жинапты. Алданғандардың қатарында өз туыстары, сыныптастары мен көршілері де бар. Ақшасыз қалғандарын кеш түсінген жандар қаңтар айында шу шығарып, емшінің үйіне барған. Тіпті, бұл іске қаланың бас полицейі араласып, келіншек қамауға алынған. Жәбірленушілер басымыз айналып, кредитті қалай алып бергенімізді білмей қалдық деп отыр. ЖАҢЫЛША ЖАҚСЫБАЕВА, жәбірленуші: Үйіне шақырып алды. Емделген жоқпын, дымда істеген жоқпын. Көршісімін. Шақырып алды да жылады, шаш көрсетті нән. Маған көмектесші, қызым ауырып қалды. Екі айдан кейін қайтарамын. Сол жерде телефонымды алды да басты басты да кредит шығарып алды. МАРАЛ ЖАМАНБАЕВА, жәбірленуші: Балам шетелде оқиды деп қоярда қоймай алып келші телефоныңды көрейін деп. Бізді іні келіні деп өз еркіне салып, қолымыздан алып телефонды ашып қарады да. О сендерге беріп тұр екен деп, бірінші жолдасыма, одан кейін маған екеумізге 1 миллионнан кредит алдырды. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал

Смотрите также