ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДАҒЫ ҚАРЖЫ ЖЫМҚЫРУ ФАКТІЛЕРІН АШҚАН КӘСІПКЕРДІ ҚҰЗЫРЛЫЛАР НЕГЕ ҚУДАЛАП ЖҮР?!
Шымкенттік кәсіпкер Марина Воробьева – ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік сектордағы сатып алу порталдарында күмәнді келісімдерді әшкерелеген жан. Мемлекеттің миллиардтаған қаржысы бірнеше есе қымбат бағада сатып алынып жатқанын дәлелдермен көрсеткені үшін, енді өзі қудалауға ұшырап отыр. Бұған дейін «Жүйе» подкастында өзінің бизнесінен айырылып қалғанын ашық айтып, заңсыздықтарды нақты мысалдармен көрсеткен кәсіпкерге сол сұхбаттан кейін қысым күшейген. Ең сорақысы – судья Елеубаева сұхбаттағы айтылған жайттарды жоққа шығарып, Воробьеваға айыппұл салу туралы шешім шығарған! Бұл эпизод – әділдік іздеген кәсіпкердің тағдыры ғана емес, еліміздегі сот жүйесі мен мемлекеттік сатып алу саласындағы шындықтың бетін ашатын шығарылым. Ұлттық компаниялардың сатып алу жүйесінде қандай былықтар бар? Бір тауардың бағасы қалай бірнеше есе өсіп кетеді? Шындық айтқан адам неге сотталуы керек? Мемлекеттің ақшасы кімнің қалтасына кетіп жатыр? Көріңіз. Ойланыңыз. Бөлісіңіз. #ӘділдікІздеймін #МаринаВоробьева #СотҚысымы #ҰлттықКомпаниялар #СатыпАлуСаласы #Коррупция #Қазақстан #ЖүйеПодкаст #ПрезиденткеҮндеу