ҚАЗЫНА ТОНАУШЫЛАРДЫ ӘШКЕРЕЛЕГЕН ҚЫЗМЕТКЕР ҚУДАЛАУҒА ҰШЫРАДЫ
Мемлекеттің миллиардтарына қол сұққан, ел қазынасын тонаушыларға тоқтам бола ма? «ЖҮЙЕ» подкастының кезекті шығарылымында мемлекеттік қаржыны басқару саласындағы ашық жемқорлық пен оның салдарын жайып салған қызметкер – Зағила Тасболатқызының жанайқайы талқыланды. Бұған дейін де біздің ақпараттық алаңда өз шындығын бөліскен кейіпкер бұл жолы сол сұхбаттан кейінгі қысым, қудалау, тіпті заңсыз тергеу әрекеттері туралы әңгімелейді. Түркістан облысы бойынша Қазынашылық комитетіндегі заңсыз схемалар мен шенділердің жауапсыз әрекеттерін әшкерелеген Зағила Тасболатқызына қарсы жүйе қалай жұмыс істеп жатыр? 700-ге жуық жазылған жауапсыз арыз. Жұмыс орнына психологиялық қысым көрсетуге барған полиция қызметкерлері. Ең сорақысы, Зағиланың заңды лауазымды орнына қайта отыру үшін жасалған қарсылық көп болды. Бір түнде қозғалған іс. Ал құзырлы органдар не істеді? Ұрланған қаржыны іздеудің орнына, Зағиланы «уақытша еңбекке жарамсыз» деген анықтама арқылы жүйеден ығыстыруға көшті. Тіпті, Прокуратура мен Полиция департаменті Қазынашылық басшылығының арызын сол түні қарап, іс қозғап, сотқа жолдап жіберген! Кімді қорғайды құзырлы органдар? Мемлекет қаржысын ба, әлде оны жымқырғандарды ма? Бұл сұрақтың жауабын осы шығарылымнан табасыз.