«ЖАЗЫҚСЫЗ 1 ЖЫЛҒА ҚАМАЛҒАН»: КӘСІПКЕРЛЕР МЕН БЕЛГІЛІ СПОРТШЫЛАР ПРЕЗИДЕНТТЕН КӨМЕК СҰРАЙДЫ
Алматылық кәсіпкер Жасұлан Жарменов Шымкенттегі өзі танитын Алмас Шманов есімді азаматтан түскен арыздың негізінде 2022 жылы «адам ұрлады, ірі көлемде ақша бопсалады» деген айыппен 1 жыл 1 ай қамауға алынған болатын. Алайда, сотта ақталған кейіпкеріміз 2021 жылдың 8 қарашасында болған оқиғаны Алмас Шманов ойдан құрастырып айтып, керісінше Қасқасуға өзімен бірге барған дос-бауырларына жалған жала жауған дейді. Оқиға расында қалай өрбіді? Бұл қылмыстық істің артында кімдер тұр? Тергеу-амалдарындағы заңсыздықтар мен құқық қорғау органдары жіберген қателіктер туралы шығарылымда ашық айтамыз. Әділдік іздеген әрбір көрермен каналымыздың дамуына өз үлесін қосады деп сенеміз. Пікір қалдырып, белсенді болуға шақырамыз!
Смотрите также
