Тұрсынбектің әйелдері қырылып жатыр. Абай туралы абайлап сөйлеу керек
Бүгінгі шығарылымда: Демалыстарыңыз көңілді өтіп жатырма, достар? Осы шығарылымда да ел талқылап жатқан тақырыптарды бірге талқылайтын боламыз. Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйел алғаны ел арасында қатты талқыланып жатыр. Одан бөлек актермен ажырасқанын жасырған Мөлдір қала аралап, ән салып жүр. Алайда жас әншімен жарқырап шыққан Тұрсынбектің бәйбішесін жұрт жақтырмай жатыр. Ал әзілкеш көңіл қосқан екінші әйелі жұрт алдына шығып көмек сұрады. Оған Мөлдір бәйбіше күн бермей жатыр дейді - мыс. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады? Абайға тіл тигізуге болмайды. Жақында деректі фильммен айналысатын белгілі журналист Әлия Әшімнің өзінің әлеуметтік желісіндегі жазбасы қызу талқыланды. Ізінше журналистің құйрық-бауыр асату-арабтан шыққан дәстүр деген рилсі де қоғамды дүрліктірді. Мұны дұрыс түсінбеген көпшілік журналистті жерден алып жерге салып жатыр. Кейін әлеуметтік желідегі түрлі әңгімелерге шыдамады ма, Әлия Әшім жұрт алдында кешірім жазбасын жариялапты. Сөйтсек оны Абай туралы келеке сөз емес, басқа ағымның қаржы алады деген айып ашуландырған. Перизат Қайратқа қатысты сот отырысын жұрт болып көріп отырмыз. Сот барысында прокурорлардың айтқан айыптарынан бас айналады. Қаршадай қыз қыруар қаржыны қалай жалғыз өзі жымқырды? Әлде оған мұны үйреткен үлкен крышасы барма? Перизат Қайрат халықтың жылуын жымқырғаны былай тұрсын, еңкейген кәрі мен ерекше балаларға арналған орталықтың ақшасын жұтып қойған. Қорға алданып қалай қор болмауға болады? Қой терісін жамылған өтірік қорлар мен шын жанашыр бірлестіктерді қалай ажыратамыз? Осы шығарылымда студия қонақтармен бірге талқылаймыз. Лайк басып қолдап отырыңыздар. Біздің ұжымға сіздердің қолдауларыңыз ауадай қажет.