30-кейіпкер 30-тұлға Оңайгүл Тұржан
30-кейіпкер 30-тұлға Ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Еуразиялық университеттің доценті Оңайгүл Тұржан. Жақында ҚР Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен мараппаталды. Республикалық Тәуелсіздік толғауы конкурсының жеңімпазы. Ол конкурста драматургия номинациясы бойынша «Түріктің бөрі ұраны» атты шығармасымен қатысқан болатын. Шығарманың мәні түрік халқы бірігіп, күллі әлемді біріктіруге үлес қосайық деген идеядан бастау алған. Бұл драма үш айдың көлемінде жазылып, жарыққа шықты. «30-жылда біраз жетістікке жеттік. Бұрын тоқырау жылдары тұсаулы аттай күн кештік. Қандайда бір мәселені кеңейтіп айта алмайтын едік, қазақ екенімізді айта алмайтын едік, тіпті түркі тілдес елдерміз деген сөздіде айта алмайтын жағдайда болдық. Қазір шүкірміз өз қолымыз өз аузымызға жетіп отыр, тәуелсіз мемлекет болдық» дейді ақын. Нағыз талантты ақын, нағыз талантты шығарма ол тәуелсіз ақын. Патриот деп өзге елде білім алып, елге келіп еңбек етіп жүрген жастар. Алған білімін Қазақстанға келіп, қай саланы көтеруге болады деп, елімізді көркейтуге ат салысып жүрген азаматтар нағыз патриоттар. @onaigul.i #тәуелсіздікке30жыл #30тұлға30сұхбат #30кейіпкер30тұлға