30 кейіпкер – 30 тұлға Ануар Ізімбайұлы
30 кейіпкер – 30 тұлға Жобаның бүгінгі қонағы Маңғыстау облысының бас имамы Ануар Ізімбайұлы. Көп балалы, қарапайым отбасында дүниеге келген. Кейіннен нағашыларына қолғабыс болайындеп сол үйде тәрбиеленеді. Имандылықтың кірпіші сол отбасында, үш жасында басталады. 1996 жылы ауылында алғаш молдалық қызметін атқарған және мектеп қабырғасында жүріп діни сауатын ашыпта үлгерген. Мектепке қарағанда, мешіттегі білім қаталырақ болды. Діни сауат ашушы молданың тәрибеге деген көз-қарасы өте ерекше, тіпті басымыздан сипамаған. Сол берген тәлім-тәрбиенің арқасында біраз нәрсе үйрендік. Қазір олай таяқтап тәрбие беру деген ұғым мүлдем жоқ, қазіргі адамдардың түсінігі басқа дегенмен таяқтамасақта тәрбиелеп отырған шәкірттеріміз бар. Алатау округінен бастау алған еңбек жолы біраз жолдарға жетеледі. Қазіргі 2019-жылдан бастап Маңғыстау облысының бас имамы қызметін атқарып келеді. Қазіргі таңда ауқымды тақырыптардың бірі әр түрлі ағымға бет бұру.. Басқа бағытта жүргендер ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрімізді мойындамайтын, ұлттық құндылықтарды жоққа шығару сияқты жат нәрселермен айналысады. Соның ішінде басым көпшілігі жастар. Бас имимның айтуы бойынша дін жолындағы сұрақтарыңыз, ойларыңыз болса мешітке келіп біздермен ақылдассаңыздар – дейді. Рухани жолда қателесуге болмайды, дін деген ұстай алсаң қасиетің – ұстай алмасаң қасіретің. Карантиннің кезінде мешіттеріміз жабылды, бірақ барлық шараларды қашықтықтан атқарылып отырды. Атап айта кетсек, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жеткізу, дәрігерлерге көмек, қашықтықтан құрбан шалу т.б. Биылда бұл шараларм жалғасып келеді. Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің. @beket_ata.kz #тәуелсіздікке30жыл #30тұлға30сұхбат #30кейіпкер30тұлға