Корь, коклюш аурулары. Педиатр Мөлдір Есіркеп
ЖАҚСЫ ПЕДИАТР КЕРЕК ЕДІ? Өте жиі келетін сұрақтың бірі, бұл сұрақтың да жауабын таптық. Мөлдір Асқарқызы @doc_moldir дәрігер педиатр, воп яғни ересектерді де, балаларды да қабылдайды. Арнайы отбасылық кабинеті бар және облыстағы жалғыз кабинет «Ана мен Бала» - деп аталатын. Дені сау бала болу үшін -дені сау ана болуы баршаға мәлім. Балалар арасындағы жиі кездесетін аурулар және туындауы?! Ол әрине вакцина, прививка ( екпе ). Корь, коклюш ауруларының көбеюі де осы екпені алмаған балаларда өте жиі кездеседі. Қазіргі екпе бұрыңғыға қарағанда жеңіл және егілгендегі әсері де бұрыңғыдай қызу бермейді, жеңілдетілген. ВАКЦИНА ТОЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТКЕН, ЛИЦЕНЗИЯ СЕРТИФИКАТЫ БАР ӨНІМ. Соны алуға адамдар күдіктенеді де, бірақ сертификатталмаған әкелінуі беймәлім тауарларды алуға әуес. Олар дегеніміз жарнамадағы, радиодағы дәрумендер. ДӘРІГЕРГЕ СЕНБЕСЕҢІЗ АНА РЕТІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ САУАТТЫ АРТТЫРУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІЗ, ҒАЛАМТОРДАҒЫ АҚПАРАТ ЕМЕС ДӘРІГЕРЛЕРМЕН КЕҢЕСУ, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ, ОҚУ. Бала өсіріп отырған ана баласына бей-берекетсіз дәрумен бере бермес үшін жылына бір рет толық тексерілуден өту арқылы баласының денсаулығын қадағалап, соған сай емдік шараларын жүргізіп отырса дейміз. Check UP - деп аталатын толық тексерістен өту, жас ерекшеліктеріне сай анализ талдаулары және басқа да диагностика түрлерін өтеді. Шамамен 40-50000 теңгені құрайды. Жылына бір рет 40-50000 бала үшін қолжетімді деп ойлаймын. БАЛА ДҰРЫС ДАМУ ҮШІН, БОЙЫ-ОЙЫ ЖАСЫНА САЙ БОЛУ ҮШІН 22:00-ДЕ ҰЙҚЫДА БОЛУЫ КЕРЕК, ТЕЛЕФОНДА ЕМЕС.