G
enby!

30 кейіпкер - 30 тұлға Айшуақ Тайман

30 кейіпкер - 30 тұлға Саятшы құсбегі , Маңғыстау облысының құсбегілік саласы бойынша аға жаттықтырушысы Айшуак Тайманов 2016 жылдан бері құсбегілікпен айналысып келеді. Ауылдағы ағаларына еліктеп, қызық көріп жүріп басталып кеткен. Негізі мамандығы теміржолшы. Қазіргі таңда шәкірт дайындап, құсбегілікке үйретеді. Әр аудан, қаладан келіп қатысып жатыр. Оқушыларының алдыңғы қатары Қазақстанның жастар құрамасының мүшесі. Халық аралық жарыстарда жүлделі орындар иеленіп жүрген шәкірттер. Құстарға арнайы күтім керек. Жарыстарға қатыстырған кездеде күтіміне аса қатты мән береді. Жолға шыққан кезддеде тәртібі бойынша торға салып апару керек болса, ол кезде құстың қауырсындарының жұлынып қалуы сияқты зиянды жақтарын көріп жатамыз. Сегізінші рет өткізіліп отырған Республика деңгейіндегі жарыста “Алтын Тұғыр” жүлдесін жеңіп шықты. Осыған дейін он екі жарысқа қатысып, барлығыда жүлделі орындар алып келе жатқан құсбегі. #тәуелсіздікке30жыл #30тұлға30сұхбат #30кейіпкер30тұлға

Смотрите также