G
enby!

Ботай қонысы

Аумағы 15 га құрайтын Ботай қонысы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде орналасқан. Қырық жылдың ішінде Ботай қонысынан 158 тұрғын үйдің қалдығы, 200 мыңнан астам жәдігерлер табылды. Қазба жұмыстары кезінде қанжар, жебе, найзаның ұштары, аң аулаумен байланысты тас тоқпақтар, тері өңдеуге арналған қырғыштар табылды. Еңбек құралдарының арасында мыстан жасалғаны кездеседі. Ине, тескіш, біздердің табылуы да тері өңдеуді жақсы білгендігін дәлелдейді. Осыдан 5 мың жыл бұрын бабаларымыздың адамзат өркениетіне тұңғыш көлік құралы – жылқыны әкелді. Қазақтың қиыр даласының бір төсінде жер-ананың бауырында тұмшаланған ежелгі Ботай қонысы қазақ тарихына даңғыл жол салды. Деректі фильм ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Даналық» қоғамдық қорының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасы» аясында мемориалды және тарихи-мәдени кешендерді кеңінен насихаттау мақсатында түсірілді.

Смотрите также