G
enby!

Сыр бойындағы Көккесене

Сыр бойындағы аса маңызды тарихи – мәдени және республикалық дәрежеде енгізілген тарихи ескерткіштердің бірі – Көккесене. Көккесененің орны Төменарық теміржол стансасының солтүстік-шығысынан 5 шақырымдай және Сығанақтан оңтүстікке қарай 8 шақырым жерде, қазіргі Қожамберді ауылында орналасқан. Көгілдір көк күмбезімен, ерекше сұлулығы, тұтас әсемдігімен шебер тұрғызылған бұл кесене кезінде көргендердің көз жауын алған. Шыңылтырланған ақ сылақ пен көк сылақ, өзге де бояуларымен әрленген, төрт құбыласы сай өрнектер пропорция құрайды. Көккесене тарихын мәңгі есте қалдыру мен аса құнды жәдігерлерімізді насихаттау, оны ұрпақтан-ұрпаққа таныту бағытында ел ағалары қызығушылық танытып, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде. Деректі фильм ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Даналық» қоғамдық қорының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасы» аясында мемориалды және тарихи-мәдени кешендерді кеңінен насихаттау мақсатында түсірілді.

Смотрите также