«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы
««Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» жайында түсірілген деректі фильм. Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының Берел ауылы маңында орналасқан «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық -мұражайы 2008 жылғы 4 шілде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 674 Қаулысымен «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық – мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып ашылды. Қорғандардың ең көнесі б.з.б. – IV-III ғасырлармен белгіленеді, бұл шамамен 2400-2300 жыл бұрын, ал ең соңғы ежелгі түрік заманындағылары - б.з. VII-VIII ғғ., бұл шамамен 1200-1300 жыл бұрын. Қазіргі таңда Берел қорғандары еліміздің тарихын, мәдениеті мен қолөнерін зерттеуде теңдесі жоқ олжалар сақталған жалғыз ескерткіш. Сондықтан Берел қорық-мұражайы құрылғаннан бері тарихымызды ұмытпау, ұлтымызды ұлықтау мақсатында көптеген игі іс-шаралар өткізілуде. Деректі фильм ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Даналық» қоғамдық қорының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасы» аясында мемориалды және тарихи-мәдени кешендерді кеңінен насихаттау мақсатында түсірілді.