G
enby!

Маңғыстаулық Алтынқазған және Қарақабақ кешендері

Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының мәлімдеуінше, соңғы бес жылда Маңғыстау аумағында әлемдік деңгейдегі екі археологиялық жаңалық ашылды. Оның алғашқысы – Алтынқазған жерінен табылған біздің дәуірімізге дейінгі I-VI ғасырларға тән үлкен діни-қабірлеу кешені болса, екіншісі ежелгі дәуір кезеңінде қалыптасып, V ғасырда жер сілкінісінің әсерінен күйреген Қарақабақ қалашығы. Алтынқазған ғибадат ету кешені Солтүстік Ақтаудың (Ақмая) бор кемері мен Батыс Қаратау тауларының арасындағы алқабында орналасқан және оның 130 га. Онда200-ден астам археологиялық нысан бар. Олар қорғандар, үлкенді-кішілі қоршаулар, құрбан шалуға арналған ғұрыптық құрылымдар және тастан жасалған басқа да құрылыстар. Қарақабақ - халықтың қоныс аудару дәуірінде қолөнершілер жұмыс істеген жалғыз қолөнер өндірісінің орталығы. Мұнда зергерлік бұйымдар жасалды, мүмкін әйнек те құйылды. Деректерге қарағанда, мұнда Византия зергерлік мектебінің дәстүрін жалғастырған шеберлер жұмыс істеген. Тастар Үндістаннан жеткізіліп, осында өңделіп, кейін бұл өнімдер ұлан-ғайыр аумаққа тараған. Деректі фильм ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Даналық» қоғамдық қорының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасы» аясында мемориалды және тарихи-мәдени кешендерді кеңінен насихаттау мақсатында түсірілді.

Смотрите также