Жаназа қанша тұрады? Екі министр алтын көріп жолдан тайды. Балаңызға сақ болыңыз.
Бүгінгі шығарылымда: Енді жаназаның өзін ақылы түрде оқиды. Діни басқарма жаңа ереже енгізді. Сонда 100 мың теңгең болмаса өлуге де хақың жоқпа? Антикор мен ҰҚК бірігіп еді, екі үш күн өтпей ақ қос бірдей вице министр пара алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл біріккен құрылымның жемісі ме? Әлде қаржы мониторингі агенттігіннің жұмысы ма? Даниал Ахметовтың күйеу баласы ҚТЖ ны басқарады. Жақында осындай ақпарат шығып еді, ел дүрлігіп кетті. Содан 1 күн өтпей, ол қызметке басқа адам отырды. Темір жол саласы басшылығында қандай өзгерістер болып жатыр. Тоқаевтың рақымшылығына іліккендер түрмеден шығып жатыр. Жақында Қостанай облысындағы 300 абақтыдағылар бостандыққа шықты. Күні кеше осы рақымшылыққа іліккен белгілі актер,вайнер Мейірхан Шерниязов абақтыдан шықты. Жаз басталса демалыстағы балалардың жазатайым оқиғасы көбейеді. Жаз бастала 8 бала Астананың өзінде терезеден құлап мерт болыпты. Қорғансыздарға қалай қорған боламыз? Осы және өзге де аптада ел талқылап жатқан ақпараттарға тоқталамыз.
Смотрите также
