БЕРДЕНОВКЕ ОҚ АТҚАН АЗАМАТ СОТҚА КЕЛДІ.АЙЗАТТЫҢ АНАСЫ ҚАНДАЙ ШЫНДЫҚТЫ АЙТТЫ?
Бүгінгі шығарылымда: Бетман шенеунік аталып кеткен Руслан Берденовке жасалған қастандық бойынша сот отырысы басталды. Сотта қандай деректер айтылып жатыр. Кісі өлтіруге оқталғаны үшін күдіктіге қанша жыл кесілуі мүмкін? Ернар Жиенбай не үшін мұндай әрекетке барды? Жетісу облысында күйеуінің қолынан азапталып өлтірілген Айзаттың туыстары әділдік іздеп жүр. Қыздарының азапталып өлтірілгені медициналық қорытынды дәлелденсе де, қылмыстық іс әлі қозғалмаған. Жетісу облысында 32 жастағы Айзат Жұманованың жан түршігерлік жағдайда қаза табуы елді есеңгіретіп, қоғамның ашу-ызасын туғызды. Марқұмның туыстары күдікті болған күйеуі Айбар Жанболатқа тағылған айыппен келіспей отыр. Ал марқұм Айзаттың мәйітін көрген туыстары, жаға ұстатар мәлімет айтып жатыр. Ақпарда осындай елді елең еткізген оқиғалар жайлы сөз етеміз. Ассалаумағалейкум.