ДӘРІГЕРДІҢ ӨЗІН ЖАРАҚАТТАП ЖАТЫРМЫЗ. ҚОСТАНАЙДА ХИРУРГТЫ АЯУСЫЗ СОҒЫП КЕТТІ
Бүгінгі шығарылымда: Дәрігерден ем алуға емес, ақ халақттыларды соққының астына алатын жағдайлар жиіледі. Қостанайда науқас хирургті соққыға жығып, жансақтау бөліміне түсірді. Науқасты емдеймін деп осындай күйге түсіп отыр. Одан бөлек Қарағанды да белгісіз ер азамат медицина орталығында байлам салып ,медбикенің басын жарып, қолын сындырған. Осындай оқиғалар неге көбейіп кетті? Ақ халаттылардың таяқтың астында қалып жатқандығы парламент мінберіндегілерге де естілді. Депутат медицина қызметкерлерін ұрған адамдарды өмір бойына темір торға қамау туралы ұсынысын айтты. Ақ халаттылардың құқығын қорғау мәселесін Президент Тоқаевта қолдады. Ол алдағы уақытта осы мәселені пысықтауды тапсырды. Ақпарда осындай ауруханаға емделуге барып, дәрігерлердің өздерін ұрып соғатын жайттар жайлы айтамыз. Ассалаумағалейкум.