«МЕНІ ИЗОЛЯТОР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰРДЫ», ПЕРИЗАТ НЕ АЙТҚЫСЫ КЕЛДІ? ҚАРЖАУБАЙДЫҢ АДВОКАТЫНА ҚЫСЫМ КӨБЕЙГЕН
Бүгінгі шығарылымда: Су тасқыны кезінде халықтың жылу қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген Перизат Қайрат қатысты сот басталды. Ол ел алдына шыға сала тергеуде ұрып-соқты деп мәлімдеме жасай кетті. Бұл оның қорғануы ма? Бүгін Астана қалалық полициясы Перизат Қайратқа тергеу изоляторында қалай ұрғанын көрсетіпті. Шерзат Полат ісіне қатысты сот аяқталды ма десек, енді Қаржаубай отбасын былай қойып, адвокаттарына күн көрсетпей жатыр. Заңгер Мейрман Шекеев қандай шындықты айтты? Сотталғандардың туысы министрліктен пәрмен беріп отырғандығы рас па? Қарағанды-Балқаш жолы өлімге апаратын жолға айналып барады. Жаз бастала бұл жолда 20-дан астам апат болыпты. Қайтыс болғандар да бар. Жақында ғана көліктегі бала шағасымен бірге жанып кеткен оқиғаны естіген шығарсыздар. Апат болған жерде тағы да көліктер соқтығысыпты. Жүргізушілер бұл жердегі жол белгілерінен көріп отыр. Ақпарда осындай жаңалықтарға тоқталамыз. Арнаға жазылып, қаралым санын көбейтейік.
Смотрите также
