G
enby!

Берденовті неге атқан? Автобустағы “аутизм” дауы / Аптаға шолу

Бүгінгі шығарылымда: Астанадағы көпбейінді ауруханада жүкті әйел баласынан айырылды. Туыстарының айтуынша, әйел 1,5 сағат бойы ауырсынумен көмек күтті. Ал Астанада қоғамдық көлікте аутизм диагнозы бар 6 жасар бала мен анасы қорлық көрді. Жолаушы әйел балаға "ештеңеге жарамайды" деп тіл тигізіп, анасына дөрекі сөздер айтқан. Қоғамда ерекше балалы отбасыларға деген көзқарас тағы да сынға түсті. Бұған дейін де Қызылордадағы коррекциялық орталықта аутист балаға қол көтеру дерегі тіркелген. Осы сәтте Шымкентте экс-депутат Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасаған Ернар Жиембайдың соты басталды. Бұл іс қоғам назарын аудартқан ірі оқиғалардың біріне айналды. 00:00 – Басталуы 00:14 – Аңдатпа 00:47 – Жүкті әйел сәбиінен айырылды 02:23 – Автобус болған аутизм дауы 06:25 – Берденов соты 08:35 – Қайырымдылық қорларына сенім азайды ма? 14:32 – Үкімет отырысында не айтылды? 16:49 – Вегетация кезеңі қашан басталды?

Смотрите также