ҚЫЗЫЛЖАР ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ МА | ҚАЗАҚТЫҢ АСТАНАЛАРЫН КІМ САЛДЫ?
Білген Дұрыс арнасының қалыптасып келе жатқан дәстүрінен жаңылмай, тарихи танымдық бағытта тағы бір үлкен тақырыпқа кішігірім шолу жасасақ. Әсілінде ақпарат айдынында қазақ халқы бірде бір қаласы жоқ, мал баққан көшпелі жұрт деген негізсіз пайым пікірлерді жиі естиміз. Теріскей мен орталық, батыс пен шығыс иесіз қаңырап жатқан қу дала еді, Ресей империясының қолтығына кірген соң ғана қазақ даласында заманауи қалалар мен қоныстар салына бастады дегенді солтүстіктегі көршілердің импершіл пиғылдағы насихатшыларымен солар қалыптастырған ақпараттық пропагандалық түсінікке тойып алған кейбір біздің азаматтар жақтары талғанша айтып жүр ғой. Мың жылдық тарихы бар, Түркістан, Шымкент, Тараз, Құлан, сол секілді т.б қалаларымызбен қатар, теріскей мен шығыс, батыста да көпшілік осы күні біле бермейтін шаһарлар болған. Оның сыртында халқымызда бүгінгі Астанамызды қоса алғанда 10 елордамыз болғанын да біле жүрейік. #БілгенДұрыс #Қазақстан #Жаңалықтар #Қазстанныңқалалары #Саясат