G
enby!

Алматыдағы қанды қылмыс

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Алматыда төбелес кезінде көз жұмған Багаудин Озиевтің туыстары бас прокуратурадан көмек сұрайды. Себебі, адам өлімімен аяқталған оқиғадан кейін күдіктілер әлі қамалмады деп күйінеді. Тіпті, тергеу созбалаңға салынып, марқұмның үстінен іс қозғалды дейді қара жамылған отбасы. Құзырлы органдардың әрекетіне наразы болған жандар әділдік іздеп, талай табалдырық тоздырыпты. Әзірге нәтиже болмай тұр. Қанды оқиға 2023 жылдың қарашасында болған. 33 жастағы Багаудин Озиев досымен кешкі ас ішуге барып, өзге жігіттермен сөзге келіп қалған. Кейін олар мәселені сыртқа шығып шешпекші болып, нәтижесінде төрт бірдей жігіт Багаудинді тепкінің астына алған. Ауыр жарақат алған азамат оқиға орнында қайтыс болды дейді туыстары. ЛЕЙЛА ХАМЗЕЕВА – марқұмның әпкесі: «Алған жарақаты өте қорқынышты. Мен тіпті оны ешқандай желіге жариялағым келмейді. Ішектері сыртқа ақтарылып кеткен, 17-18 сантиметр шамасында. Ол сол жерде бүкіл қанынан айрылып, жедел жәрдем келем дегенше мерт болды. Ал оқиға орнынан күдіктілер ізім-қайым жоқ болған. Тіпті оларды көлік күтіп тұрған көрінеді. Ал менің бауырыма ешкім көмекке келмеген. Бұл оқиғаның өткеніне 1,5 жылдан аса уақыт болды. Бірақ күдіктілердің барлығы бостандықта жүр дейді марқұмның әпкесі. Ең сорақысы, оңбай таяқ жеп, ажал құшқан Багаудин Озиевке «ауыр дене жарақатын салды» деген айып тағылғаны жәбірленуші тарапты таң қалдырыпты. АЛИШЕР АЛИШОВ – адвокат: Қылмысқа қатысушылардың бірде біреуіне тергеу жұмыстары жүргізілмеген. Олар ешқандай түсініктеме бермеген. Соған қарамастан қылмыстық іс бірінші қаралған бап бойынша емес, өзге баптармен қайта қаралуға жіберілген. Күдіктінің бірі сөз арасында, марқұмның қолын қағып жіберіп, жарақат алғандығын айтады. Ал бұл үлкен күмән туғызады. Ал, марқұмның артында жары мен кәмелет жасына толмаған үш қызы қалды. Бүгінде аталған іс бойынша Алматы қалалық прокуратурасына сауал жолданды. Құзырлы органдардың жауабын алдағы шығарылымдарда беретін боламыз. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также