5.1 Мәселе қою (қалыптастыру) № 2
#информатика #8 #сынып Сәлем достар. Микрофонда ЕСЕНБЕКОВ КУРБАНАЛЫ. Информатика АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ кітабына шолу жасап, тақырыпты түсініп есептерін шығарып көретін боламыз. Барлық мәліметтер кітаптан алынды... Қарапайым есеп. А, В сандары мен олармен орындалуы керек амалдардың таңбасы берілген. Мысалы: +, –, /, * . Берілген амалдар түріне қарап, А, В сандарымен осы амалдардың бірін орындайтын программа құр. Оң сандардың арифметикалық ортасы. N нақты сандар тізбегі берілген. Осы тізбектегі оң сандардың арифметикалық ортасын тап. Келесі жолда абсолюттік мәні 100-ден аспайтын N нақты сан берілген. Оң сандардың арифметикалық ортасын жүзден бір дәлдікпен экранға шығар. Егер оң сандар болмаса, «Joq» хабарламасын көрсет. Ағаш отырғызу. Еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту, жастардың бойында патриотизмді қалыптастыру және туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында, республикада «Жасыл Ел» бағдарламасы жұмыс істейді. «Туған жерге ағаш сыйла» республикалық акциясы кезінде Нұр-Сұлтан қаласындағы мектеп оқушылары ата-наларымен және қоғам белсенділерімен бірге әр көктемде ағаш отырғызады. Биыл да 8-сынып оқушылары N топқа бөлініп, ағаш отырғызу жұмыстарына белсенді кірісті. Әр топтың отырғызған ағаштарының саны белгілі деп есептеп, ағаш отырғызудан жеңімпаз топтың нөмірін анықтайтын программа жаз. Баскетбол ойыны. Қазақстан Республикасында денешынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, еліміз дің қалаларында мектеп оқушылары арасында баскетболдан турнирлер үнемі өткізіледі. Баскетбол ойыны 4 кезеңнен тұрады. Енгізу деректері ретінде әр кезеңде командалар жинаған ұпай санын көрсететін сан мен b бүтін саны берілген. Екі команда арасындағы ойынның нәтижесіне қарай жеңімпазды анықтайтын программа құр. Ойын нәтижесі ретінде «1-komanda», «2-komanda» немесе «ten oiyn» сөздері жауапқа беріледі. Ізделінген цифрдың санын анықтау. Бірінші жолда N бір бүтін сан берілген. N саны тек оң сан болады. Екінші жолда K цифры берілген. N санындағы K цифрының санын табатын программа құрастыр.