G
enby!

4.1 For циклі

#информатика #8 #сынып Сәлем достар. Микрофонда ЕСЕНБЕКОВ КУРБАНАЛЫ. Информатика АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ кітабына шолу жасап, тақырыпты түсініп есептерін шығарып көретін боламыз. Барлық мәліметтер кітаптан алынды... Бірнеше рет қайталанып орындалатын белгілі бір іс-әрекеттерді сипаттайтын алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдер деп аталады. Python-да for операторы белгілі бір есептеуде көрсетілген мәнге жеткенге дейін жұмыс істейді. Параметрлі цикл жұмысын ұйымдастыру үшін, for операторын rangе() функциясымен бірге қолдану керек. Қарастырылған мысалдар тақырыптары төменде көрсетілген: 1-мысал. 1 мен 100 аралығындағы сандардың қосындысын табатын программа жаз. Программа коды орындалғанда экранға 5050 шығады. 2-мысал. 1 мен 10 аралығындағы сандарды кері ретпен экранға шығар. 8 «А» сыныбында N оқушы бар. Оқушылардың бойлары көрсетілген. Егер сыныптағы оқушының бойы 140 см ден қысқа болса, ол аласа бойлы оқушыға жатады. Сыныпта неше оқушының бойы аласа екенін анықтайтын программа кодын жаз. 1-тапсырма. K мен N (1 ≤ K ≤ N ≤ 100) аралығындағы барлық жұп санды экранға шығаратын программа құр. 2-тапсырма. N (10 ≤ N ≤ 99) санына дейінгі екітаңбалы сандар арасында екі цифры да бірдей сандарды экранға шығаратын программа құр. Екітаңбалы сан 10-нан басталады. 3-тапсырма. 8-сынып оқушыларының арасында баскетбол үйірмесіне қатысатындарға бойының ұзындығы бойынша іріктеу жүріп жатыр. Іріктеуге барлығы N (130 ≤ оқушы бойы ≤ 200) оқушы қатысқан әрі бойларының ұзындығы К сантиметрден биіктері ғана қабылданған. Үйірмеге барлығы неше оқушы қабылданған? Ең ұзын оқушы нешінші орында тұр? Мысалда берілген оқушылардың бойы тігінен енгізіледі.

Смотрите также