G
enby!

5.3-5.4 Алгоритмді программалау. Практикалық жұмыс №2

#информатика #8 #сынып Сәлем достар. Микрофонда ЕСЕНБЕКОВ КУРБАНАЛЫ. 5.3-5.4 Алгоритмді программалау. Практикалық жұмыстың кезекті есептерін қарастыратын боламыз. 4-тапсырма. Жұп цифрлар қосындысы. Ұзындығы N-ге тең сандар тізбегі берілген (1 ≤ N ≤ 1 000). Тізбектегі жұп сандардың соңғы цифрларының қосындысын тап. Тізбек мүшелері – 109-дан үлкен емес натурал сандар. Деректерді енгізу тігінен орындалады. 5-тапсырма. Санның бөлшегін ажырату. Ұзындығы N-ге тең нақты сандар тізбегі берілген (1 ≤ N ≤ 1000). Осы сандардың тек бөлшегін 0,001 дәлдікпен жауапқа шығар. Тізбек мүшелері – 105-тен артық емес нақты сандар. Төменде берілген программалардың блок-схемасын құр. Деректерді енгізу тігінен орындалады. 7-тапсырма. Тізбек мүшесін тап. Фибоначчи тізбегі дегеніміз – әрбір келесі мүшесі алдыңғы екі мүшесінің қосындысына тең болатын 1, 2, 3, 5, 8, 13, … сандарының тізбегі. Фибоначчи тізбегінің формуласы: F0=0, F1 =1, Fn=Fn–1+Fn–2, n≥0. Осы тізбектің Х-шы орнында қандай сан тұрғанын тап (1≤Х≤ 50). Тізбек: 0, 1, 1, 2, 3, 5, 8, 13. N (1 ≤ N ≤ 1012) саны берілген. Осы санда неше 7 цифры барын анықтайтын программа құр

Смотрите также