5.1 Проблеманы қою
Сәлем достар. Микрофонда ЕСЕНБЕКОВ КУРБАНАЛЫ. 7 сынып информатика Алматы баспасы бойынша #питон сабақтарына шолуды жалғастыратын боламыз. Инстаграм: @roboforce_ WhatsApp: 87027280307 Проблеманы қою дегеніміз – нақты шешуді қажет ететін проблеманы анықтау, тақырыпты проблемалау. Нақты мәселені зерттеп отырған адамның алдында көкейтесті мәселе ретінде тұруы мүмкін. Практикалық тапсырма Қанат, Самал мен Айнұрда үш қорап бар. Әр қорапта a, b, c оң бүтін сандарымен шарлар бар. Балалар қораптағы шарлардың санын теңестіре ала ма? Теңестіру мүмкін болса, онда қораптардағы неше шарды басқа қораптарға ауыстыру керек? Теңестіру мүмкін болмаса, онда экранға –1-ді шығар. Пернетақтадан a, b, c бүтін сандар ретімен енгізіледі. 1-тапсырма. Үш санның үлкенін табу алгоритмімен және программасымен таныссың. Ал берілген a, b, с бүтін сандарының арасынан екінші үлкенін қалай табуға болады? 1-схемадағы программа құрастыру кезеңдерін толық пайдаланып, тапсырманың программасын құр. Тапсырмадағы проблеманы қою кезеңін қалай жүзеге асырдың? Нәтижені экранға шығар. 2-тапсырма. Көпқабатты үйде N қабат бар. Ол үйде бір ғана кіреберіс, әр қабатта 3 пәтерден бар. Лифт тек тақ санды қабаттарға ғана тоқтайды. Асқар К пәтерде тұрады. Асқар лифтіге кіріп, өзінің пәтерінің K нөмірін басқанда, лифт тоқтауы керек қабаттың нөмірін баспаға бер. Төрттаңбалы N саны берілген. Осы санның барлық цифры жұп сан немесе тақ сан екендігін анықта. Егер барлық цифры жұп болса, онда экранға 0, әйтпесе «тақ» жауап шықсын.