G
enby!

ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ТЕНДЕРЛЕРІН ТАНЫСТАРЫНА АЛЫП БЕРЕТІН БАСШЫЛАР КІМДЕР?

Жүйе – ұлттық компаниядағы қудалау мен жемқорлықтың бетпердесін ашады! Бұл шығарылымның кейіпкері – Адай Умирбеков. Қарапайым жұмысшыдан ірі кәсіпорындардың басшылығына дейін өскен, бүгінгі таңда «Оңтүстік тау-химиялық компаниясы» бірлескен кәсіпорнының директоры. Адал еңбегінің жемісін көрудің орнына, ол Казатомпром ұлттық компаниясының ішінде өрбіген заңсыздық пен қысымның құрбанына айналған. Жаңа шығарылымға арқау болған есім – Марат Тулебаев. Оның күмәнді тапсырмаларын орындаудан бас тартқаннан кейін, Адай мырзаға қарсы қысым күшейіп, ақыры Президентке үндеу жасауға дейін жеткен. Астанада Айдай Умирбековке қандай заңсыз тапсырма жүктелді? Ұлттық компаниялардағы миллиардтаған тендерді талан-таражға салғандар неге жауапқа тартылмай отыр? Ондай тамырлап кеткен көлеңкелі жүйе кімдердің мүддесін қорғап отыр? Осы сауалдардың бар жауабын тек біздің жаңа шығарылымнан ести аласыздар. «Жүйе» тағы да қоғамды алаңдатқан шындықты ашып, әділдікті талап етеді!

Смотрите также