«ГРАНТТА ОҚИТЫНЫМДЫ, СТИПЕНДИЯ АЛАТЫНЫМДЫ БІЛМЕЙ, ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕП КЕЛДІМ»
«Жүйе» подкастының кезекті шығарылымында – студенттер жанайқайын жеткізді! Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде оқитын жастардың тағдыры кімнің қолында? Фараниз бен Мадина – елдің болашағы, ертеңгі медицина мамандары. Бірақ олар грантта оқитынын, шәкіртақы алуға құқы барын тек мамыр айында ғана білген. Сонда студенттердің оқимын, маман боламын жүрген тағдырын кім ойлайды? Колледжде сабаққа қатысу, емтихан тапсыру – барлығы ақша жинаумен өлшеніп отыр дейді студенттер. Тіпті, өз құқығын талап еткендерге қысым жасалады екен. Ал білім сапасы қайда қалды? Біздің кейіпкерлердің жанайқайы – бүкіл студенттердің жанайқайы! Жекеменшік оқу орындары жастарды біліммен сусындатудың орнына, қалтасын толтыруға көшкен бе?!