ЭКС-ПРОКУРОР ОРМАНОВТЫҢ ҚЫЛМЫСЫН ЖАСЫРҒЫСЫ КЕЛГЕНДЕР КІМДЕР?!
Оңтүстікте прокурор болып жүріп кәсіпкердің бизнесін тартып алған Ормановтың аты тағы да дауға ілікті. Айтжан Одаманов 2 гектар жерге жылыжай тұрғызып, ауыл шаруашылығын дамытуға кіріскенде, аудан прокуроры Сұлтан Орманов «көмектесемін» деген сылтаумен оның сеніміне кірген. Сөйтіп ешқашан кәсіпке қаржы салмаған өзінің әйелін серіктестікке 50% үлеспен енгізіп, артынша Одамановты құжат арқылы серіктестіктен шығарып тастаған. Нәтижесінде адал еңбекпен келген 1,5 миллиард теңгенің мүлкі бір сәтте қолды болды. Бұл кәдімгі рейдерлік емес пе? Бірақ ең сорақысы – заңға өзі жауап беруге тиіс прокурордың бұл қылмысы он жылдан бері жазасыз қалып отыр. Орманов тергеуге шақырылса да келмеген, ал қарапайым халық дәл осылай істесе, бір күнде қамауға алынар еді. «Заң бәріне ортақ» деген қағиданы аяққа таптаған экс-прокурордың әрекеті – халықтың билікке деген сенімін шайқалтып отыр. «Қайнар-Астық» кооперативінің 757 пайшысының жерін талан-таражға салған да осы Ормановтың ықпалымен жасалғаны айтылуда. Жерлер арзанға рәсімделіп, кейін бірнеше есе қымбатқа сатылып кеткен. Бірақ сотталған – ұсақ орындаушылар, ал басты фигуранттар – Орманов пен оның туыстары – әлі күнге дейін жауапсыз. Неге әділет тек қарапайым халыққа ғана жұмыс істейді? Неге экс-прокурорлар емін-еркін жүр? Бұл сұрақтарға құзырлы органдардың берген жауабын осы шығарылымнан көресіздер.
Смотрите также
