G
enby!

ТОЗАҚТАН ҚОРҚЫП СӘЛӘФИ АҒЫМЫНАН ШЫҒА АЛМАЙ 15 ЖЫЛ ЖҮРДІМ

15 жыл бойы сәләфи ағымның шырмауында жүрген әйел… Бұл – Алмара Қайратқызының шындығы. Бір күнде қара жамылып, өмірін толық өзгертті. Бөтен идеология оның еркіндігін тартып алып, болашағын улады. Алмара кімнің ықпалына сеніп қалды? Қалайша өз тағдырын жат ағымның қолына тапсырды? Сәләфи идеологиясы – жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне қатер. Олар жастарды алдап-арбау арқылы өз торына түсіреді. Сырттай діндарлыққа ұқсағанымен, іштей адамдардың санасын улайды. Алмараның тағдыры – соның айғағы. «Жүйе» бағдарламасының жаңа шығарылымында ол алғаш рет 15 жылдық қасіретін бүкпесіз айтады. Сәләфилердің қалай үгіт жүргізетінін, қандай айла-шарғы қолданатынын, адасқан жанды қалай шырмап ұстайтынын ашып береді.

Смотрите также