G
enby!

Доллардың қымбаттағанына қарамастан халық белсенді түрде несие алып жатыр

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Елімізде доллардың қымбаттағанына қарамастан халық белсенді түрде несие алып жатыр. Ұлттық банктің мәліметінше, қазақстандықтардың қаржы ұйымдарына қарызы 39 триллион теңгеге жуықтапты. Әсіресе, шілде айында тұтынушылық мақсатында 2,6 пайыз, кәсіп жасауға 2,4, ал ипотекалық несие алғандардың саны 1,3 пайыз көбейген. Мамандар бұл теңгенің құнсызданған сәтінде болатын қалыпты жағдай деп отыр. Бірақ әлеуметтанушылар қарапайым халықтың қарызға батуын табыстың өте төмен болуымен байланыстырады. Қазір 545 теңгеге жеткен бір доллардың бағамы соңғы айда бірден 5 пайызға қымбаттаған. Бұл халықтың жаппай қаржы ұйымдарына қарызға батуына әкелді дейді экономистер. Әсіресе шілдеде тұтынушылық, кәсіпкерлік және ипотекталық бағытта несие алушылар саны көбейген. Сарапшылардың айтуынша теңге әлсірегенде шағын бизнес өкілдері кәсібіне көп қаражат салуға тырысады. Ал қарапайым халық жағдай бұдан әрі ушықпай тұрып, қаржылық мәселесін шешіп алуға үлгергісі келеді деген пікірде. МЕРУЕРТ МАХМУТОВА, экономист: -Инфляция өсіп жатқанда негізі теңгемен қаржыландыру пайдалы болып тұр. Себебі қажет болса, біреудің бизнесіне, біреудің өзінің қажетті мәселесіне. Кері әсері төлей алмай жатса, әрине болады. Бәрі уақытында төленіп жатса, оның экономикаға өндіреді. Бірақ әлеуметтанушылардың пікірі мүлдем басқа. Олардың айтуынша елімізде ұлттық валютаның құнсызданып, тауар бағасының аяқ асты аспандап кетуі бірінші рет емес. Сондықтан табысы төмен азаматтар мәселесін кредит алу арқылы шешуге бейімделіп кеткен дейді. Оның үстіне банктер де несие рәсімдеу шарттарын жеңілдетіп жатқаны әсер етеді. Ал тұрғындардың әрбір қиындықта қарызға бату дұрыс үрдіс емес дейді мамандар. НҰРСҰЛТАН ҚАРАЖАН, әлеуметтанушы: -Ұят болмасын, қатарымнан қалмайын өзінің әлеуметтік мәртебесін мойындату үшін біз не істейміз? Амал жоқ, ең жеңіл вариант ретінде оған бір инвестиция керек болады. Оған біз кредитке жүгінетін жағдайымыз бар. Түрлі ипотекалық бағдарламалар, тұтынушылық несиелердің жарнамалары әдіс-тәсілдерін олар жетік меңгерген. Және де өте оңай. Бір минутта одобрение бере береді. Бұның да әсері бар. Сондай-ақ маман тұрғындардың қарызға алу мәселесін шешу үшін табысты арттырып, несие рәсімдеуге шектеу енгізуден басқа жол жоқ дейді. Ал экономистер борышкерлер санының күрт артуы Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемені көбейтуіне әкелуі де мүмкін деп болжап отыр. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также