G
enby!

Жүздеген талапкерді оқуға қабылдамаған полиция академиясында шу шықты

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Алматыда жүздеген талапкерді оқуға қабылдамаған полиция академиясында шу шықты. Үміттері ақталмаған түлектердің ата-анасы енді іске Ішкі істер министрлігінің араласып, оқу орнына тексеру жүргізгенін сұрайды. Олар грантқа қабылдау конкурсы әділ өтті дегенге еш сенбейді. Алматыдағы Ішкі істер министрлігінің академиясына қабылдау науқаны биыл үлкен дауға ұласты. Балаларының оқуға түспей қалғанын енді білген ата-ана, тауы шағылған үміткерлер ғимарат алдында кешеден бері отыр. Олар емтихан өткізген комиссия шешімімен келіспейді. Сөздеріне сенсек, жоғары балл жинап, нормативті үздік тапсырған талапкерлер сыртта қалған. ЖАНАР МЫРҚАСЫМОВА, ата-ана: Мұның шекті балы 50. Бізге 50+ болсын деген, балам 75 балл алды. Біз өтіп тұрмыз, бірақ баламның сағын сындырып тұр. Ешқандай себеп жоқ. 52, 56 балмен түсіп кеткендер бар. Менде кімнің қанша теңге беріп, кімге қалай ұсынғанының видеосы бар. АСХАТ ШӘРІПОВ, ата-ана: Нағыз полиция болатын адамдарды қабылдамайды. Мына жерде қаншама Жас Ұланнан, спорт шеберінің кандидаттары бар, солардың ешқайсысы өткен жоқ. Өз еркіммен оқудан бас тартамын деген қағазға қол қойдырып алған. Қысым көрсеткен балаға. Академия басшылығының мәлімдеуінше, бұл оқу орны полицейлерді тек мемлекеттік грантпен оқытады. Ақылы негізде жоқ. Биыл 300 орын бөлінген, ал оған 700 талапкер үміткер болды дейді. Ал төмен балмен түскендер, сөзге сенсек, бұйрыққа сай жеңілдіктерін қолданыпты. ЕРЖАН БИМОЛДАНОВ, ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы алматы академиясы бастығының орынбасары: Әділ өткеніне 100 пайыз кепілдік бере аламыз. Адам көп болғаннан кейін өтетін балдың көрсеткіші биыл жоғары болды. Сондықтан кейбір мамандықтар бойынша тіпті 70-тен астам балл алған балалар өкінішке қарай мандаттық комиссиядан өте алмады. ОРАЗАЙ НҰРТАЙҰЛЫ, тілші: Алматыдағы полиция академиясының өкілдері оқуға қабылдау жұмысы толық аяқталғанын мәлімдейді. Ал түсе алмаған 100 шақты талапкердің ата-анасы Ішкі істер министрлігіне тікелей хат жолдап, шағымданып отыр. Олар істі қайта қарауды және тексеру жүргізілгенін талап етеді. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также